• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Реформа Бүгін, 09:10

Болашаққа бағдарланған құжат

20 рет
көрсетілді

Астанада кәсіби мәдени қауым­дастық өкілдері Конс­ти­туцияның жаңа жобасын талқылады. Іс-шара жаңар­тылған заңның негізгі ережелерін жан-жақты қарастыруға бағытталған кең ауқымды қоғамдық диалог алаңына айналды.

Талқылауға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, мемлекеттік мәдениет, өнер, архив және білім беру саласындағы мекемелердің бас­шы­лары мен мамандары қа­тысты. Жиын барысында аза­мат­тардың құқықтары мен бостан­дықтарын қорғау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және қоғамның рухани құндылықтарын нығай­ту мәселелерін қамтитын консти­туциялық өзгерістерге қатысты негізгі қағидалар айқындалды.

Конституция негізін жаңарту жағдайында қоғамдық сананы қа­лыптастыруда, азаматтық жауап­кершілікті дамытуда және ұлттық бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен гуманитарлық саланың рөліне ерекше назар аударылды.

Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланованың айтуын­ша, Конституцияның жаңа редак­циясының жобасы елдің одан әрі дамуы үшін стратегиялық маңызға ие әрі мәдени мұраны сақтау саласында заманауи технологияларды қолдануға жол ашады.

«Конституцияның жаңа жоба­­сы – бұл жай ғана кезекті құ­жат емес, мемлекет пен азамат арасындағы қазіргі қоғам­дық келісімнің негізі. Еліміз үшін бұл – айрықша маңызды кезең. Бүгін­де мәдениет саласының өкіл­дері болашақ ұрпаққа мәдени және тарихи мұраны сақтау мен жеткізу бағытында, соның ішінде Конституцияның 3 және 40-баптарында көзделген цифрлық шешім­дер мен жаңа технологияларды қолдана отырып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы жариялаған Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында біз негізгі заң талаптарын заманауи құралдар мен тәсілдерді пайдалана отырып, жүйелі түрде іске асырып келеміз», деп атап өтті ол.

Талқылау қорытындысында қатысушылар Конституциясының преамбуласын бірауыздан қолдап, оның өзектілігін, қоғамдық сұра­нысқа қажеттігін және елдің ұзақ­мерзімді дамуына бағытталғанын сөз етті.

Айта кетейік Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығында «Конституциялық өзгерістерді іске асырудағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың 30-дан астам өкілі, сондай-ақ білім беру, адам құқықтарын қорғау, цифрландыру, экология және өңірлік даму салаларындағы сарапшылар қатысты.

Отырыс барысында қаты­сушы­лар конституциялық өзгерістер қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтитынын атап өтіп, оларды түсіндіруде және халықты реформалар үдерісіне атсалысу бойынша азаматтық сектордың маңызды рөл атқаратынын талқылады. Жастарды қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау, өңірлерді дамыту, цифр­ландыру және елдің зияткерлік әлеуетін арттыру бағыттарында азаматтық институттардың үлесі ерекше екені сөз болды.

Оған қоса реформаларды іске асы­руға азаматтарды кеңі­нен тар­тудың тиімді тетігі ретін­де «Қазақстанның Халық кеңесі» ұйы­мының маңызына ерекше тоқ­талды. Жиын аяғында азамат­тық қоғамның белсенділігі консти­туциялық реформалардың сапасын арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты әрі ашық диалогтің дамуына ықпал ететіні атап өтілді.

Ал Ақмола облысының Қосшы қаласында Мәдениет және ақпа­рат министрлігінің қолдауымен «Қазақ­стан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және кешенді реформалар» тақырыбында «Жастар» ғылы­ми-зерттеу орталығының сарап­тамалық кездесуі ұйымдас­тырыл­ды. Сарап­тамалық кездесуде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталы­ғының директоры, шара модерато­ры Гүлісхан Нахбаева жаңа Консти­туция жобасының негізгі ережелерін талдауға, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамға бағдарланған моделіне көшуді көрсететін, сондай-ақ қоғамдық диалог институттарына қа­тысты және шешім қабылдау үде­ріс­теріндегі жастардың рөлін қозғайтын жүйелі реформаларды талқылауға бағытталғанын жеткізді.

Отырыста сөз алған Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапы­шев жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әділеттілікте бола­шақ ұрпақ алдындағы жауап­кершілік қағидаттарына негіздел­геніне кеңірек тоқталды. Кездесуде Конституциялық реформалар, мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыты бойынша Сенат депутаты Геннадий Шиповских, заңнамалық реформалар мен олардың қоғам­дық маңызы жөнінде Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова, конституциялық өзгерістердің ғылыми-құқықтық негіздері бойын­ша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Әбдірасілов, қоғамдық келісім, қоғамдық диалог және жастардың әлеуметтік үдерістер тұрғысынан Қолданбалы этносая­си зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова, «Жаңа конституциялық реформалар: мемлекеттік басқару жүйесінің трансформациясы» тақырыбында Президент жанындағы мемле­кеттік басқару академиясының қорытынды-аналитикалық сектор меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Дастан Көшербаев ауқымды мәселелер талқылады. 

Соңғы жаңалықтар