• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 03 Ақпан, 2026

Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты

40 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен аттанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты. Ел астанасы – Исламабадта Қасым-Жомарт Тоқаев құрметіне плакаттар ілініп, салтанатты шеру ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан Президентіне көрсетілген ғизат-құрмет.   Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін талқылайды.   Сонымен қатар Қазақстан − Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарда бар.    
Соңғы жаңалықтар