• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып ресми түрде Талғат Байсуфинов тағайындалды.

Бұл оның осы қызметке үшінші мәрте келуі. Осыған дейін отандық маман 2016–2017, 2020–2022 жылдары командаға жетекшілік етті. Одан бөлек, «Есіл-Богатырь», «Ақсу», «Ертіс», «Ақжайық» клубтары мен еліміздің жастар құрамасын жаттықтырды. Былтыр Талғат Маруанұлы былтыр бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіне келген кезден бері футболшыларымыз әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Лихтенштейнді (4:0) ұтып, Солтүстік Македония (1:1) мен Бельгияға (1:1) қарсы кездесуді тең аяқтады. Еліміздің тау шаңғышысы Александра Скороходова Поцце-ди-Фассе қаласында жалауы желбіреген Италияның ашық біріншілігін күміс медальмен қорытындылады. Слаломшылардың сайысында жергілікті спортшы Франческа Фанти топ жарса, оның отандасы Валентина Филл үшінші орынға табан тіреді. Бұл күндері Польшаның Якушицесінде парашаңғыдан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өтіп жатыр. 1 000 метрлік спринтте Ербол Хамитов күміс медаль иеленді. Ол америкалық Джошуа Суниден ғана қалып қойды. Қола жүлде украиналық Павло Бэлге бұйырды. 6 шақырымдық сайыста да қандасымыз мәре сызығын екінші болып қиды. Өзбекстанда туып-өскен былғары қолғап шебері Саят Ілиясов жуырда елімізге қоныс аударды. Ол 2022 жылы жастар арасындағы Азия біріншілігінде қола медальды иеленіп, құрлық біріншілі­гін­де (U-22) бас жүлдені қанжығасына байлады. Былтыр IBA-ның мұрындық болуымен Дубайда ұйымдастырылған ересектердің әлемдік додасына қатысып, екінші кезеңде жеңіліс тапты. Енді Саят елішілік жарыстарда Маңғыстау облысы атынан сынға түседі. 
Соңғы жаңалықтар