Түлкібас ауданында «MK ALTYN NAN» ЖШС-ның ұн шығаратын зауыты қайта жаңғыртылып, іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған кәсіпорын бидай өнімін өңдеуге бағытталған. Зауыт алғаш рет 1986 жылы іске қосылып, 2018 жылы тоқтап қалған болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын толықтай қайта жаңғыртылып, өндірістік қуаты мен технологиялық мүмкіндіктері арттырылды.
Келешегі күмәнді сода зауыты
Бүгінде мемлекеттік қолдауды пайдаланып, несие алған зауыт жылына 120 мың тонна бидай өнімін өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Диірмен кешені басшылығы жобаны кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.
Заманауи әйнек өндіретін зауыт
Түлкібаста шығарылған ұн еліміздің ішкі нарығымен бірге Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстанға экспортталады.