• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Желтоқсан, 2025

Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер енеді?

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді ақша аударымдарын бақылаудың жаңа критерийі енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін бір ғана талап ескерілген. Атап айтқанда, бірнеше адамнан қатарынан 3 ай ішінде 100 рет және одан да көп аударым түссе кәсіпкерлік қызмет белгісі болып есептелетін.

Енді оған қосымша тағы бір шарт енгізіледі, нақты айтқанда, сол 3 айдағы жалпы түсімнің 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 1 020 000 теңге асуы енгізіліп отыр.

Егер сіздің жеке шотыңызға (кәсіпкерлікке арналмаған) қатарынан 3 ай бойы 100 түрлі адамнан ақша түскен болса әрі жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асса, ондай операциялар кәсіпкерлік кіріс белгісі бар әрекет ретінде қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар