Айыпталушы 2021-2022 жылдар аралығында Астанадағы зергерлік бұйымдарын саудалайтын дүкенде сатушы болып қызмет істеген. 33 жастағы әйел аталған дүкеннен құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Күдікті ұрлық жасағаннан кейін шетелде бой тасалаған.
ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Түркияның құзырлы органдары Қазақстан азаматын іздеп тапқан.
27 қараша күні ол елге депортацияланып, қамауға алынды.