• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Қараша, 2025

Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды

30 рет
көрсетілді

Елімізде мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жалпы ел бойынша барлық түрлерін қоса есептегенде әзірленген 39,8 млн тонна мал азығы – малдарды қыс мезгілінде ұстау тұрғысында жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бірқатар облыстар науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындаған: Солтүстік Қазақстан (147,1%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (102,3%), Ұлытау (102,4%) облыстары бар.

Сенаж дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан (163,5%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (108,0%), Алматы (107,5%), Павлодар (105,0%), Түркістан (106,2%), Жетісу (105,1%) облыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Мал азығы қазіргі деңгейде еліміздің мал шаруашылығы секторының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Яғни, 2025-2026 жылдарға қысқы маусымда малды қыстатуды оңтайлы өткеруге, жемшөп тапшылығы тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар