• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 24 Қараша, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды

50 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Айта кетейік, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігін нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады.

Соңғы жаңалықтар