• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Қараша, 2025

Мәйіттік донор: Марқұмдардың ағзасы 6 адамға өмір сыйлады

20 рет
көрсетілді

Өткен аптада қайтыс болған екі қазақстандықтың туыстары мәйіттік донорлыққа келісім беріп, Астана мен Алматыда күрделі трансплантациялық ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Астананың көпбейінді медициналық орталығында 1977 жылғы мәйіттік донордың бауыры – 1976 жылы туған науқасқа, оң және сол бүйрегі – 1987 және 1994 жылы туған ем алушыларға трансплантация жасалған.

Ағза ауыстыру отасын Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары жасаған.

Ал алматылық дәрігерлер ми өлімі тіркелген 50 жастағы марқұмның жүрегін – 34 жастағы науқасқа, оң бүйрегін – 15 жастағы ем, сол жақ бүйрегін – 30 жастағы әйелге трансплантация жасалған. Соңғы аталған ота А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында атқарылған. 

Сондай-ақ Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ем алушыларға екі мөлдірқабық орнатылған.