«Қайрат» клубының футболшылары мен жаттықтырушы құрамы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчқа қатысу үшін Данияға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Копенгаген» – «Қайрат» матчы Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында 26 қараша, сәрсенбі күні өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Қос команда да әзірге турнирдің жалпы кезеңінде жеңіске жеткен жоқ. Екі команда да төрт ойыннан кейін бір ұпайдан жинаған.