• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қараша, 2025

Ұлытаулық еңбеккер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

450 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумы өтті. Аталған форумға Ұлытау облысынан 30-ға жуық шаруа қожалығы, диқандар мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтулы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы еңбеккері Асқар Мұханбетжановты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Асқар Әлиұлы Жезқазған қаласында орналасқан «Аяс» шаруа қожалығының басшысы. Қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Асқар Мұханбетжанов жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді. Сонымен қатар өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысады.

Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.

 

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар