Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Кремльде мемлекеттік қабылдау өткізген Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанды Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі деп атады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
- Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі. Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және теңқұқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз, - деді Ресей Президенті.