АҚШ президенті Дональд Трамп тез арада ядролық қаруды даярлауды тапсырды. Бірақ оның нақты қандай даярлықты меңзегені беймағұлым, толық жарылыс па, тамалдау құралдарын тексеру ме, белгісіз, деп жазады Egemen.kz.
«Басқа мемлекеттер де сынақ бағдарламаларын жүргізіп жатқандықтан, мен Қорғаныс министрлігіне ядролық қару сынақтарын олармен тең жағдайда қайта бастауға пәрмен бердім. Бұл үдеріс бірден басталады», деп мәлімдеді ол бейсенбіге қараған түні.
«Басқа мемлекеттер» дегені Ресей мен Қытай болып шықты.
«Бізде басқа кез келген елге қарағанда көбірек ядролық қару бар. Ресей екінші орында, Қытай − үшінші, бірақ бес жыл ішінде ол да бізге теңесуі мүмкін», деді Трамп.