• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 07:48

Кітапханашы – руханият жаршысы

50 рет
көрсетілді

Кітапханашылар күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында дәстүрлі «Үздік кітапханашы – 2025» байқауы өтті.

Кітапханашы ма­мандығының мәр­тебесін көтеру, шы­ғармашылық бастамаларын қолдау мақсатында өткізілген іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құ­рамы, студенттер мен кітап­хана қызметкерлері қатысты.

Байқау ұжым жастарының заманауи биімен басталып, Ғылыми кітапхана директоры Бақытжан Әсетілдаұлының құттықтауына ұласты. «Білім­нің қайнар көзі – кітап болса, оны насихаттайтын рухани орта – кітапхана. Кітапханашы – сол асыл мұраны көзінің қарашығындай сақтап, оқыр­манды рухани әлемге жете­лейтін тұлға», дей отырып, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Алғашқы «Өзі туралы бейнебаян» атты кезеңде байқау қатысушылары бейне­роликтері арқылы өздерінің осы кәсіпке келу мақсатын, қызметі мен жетістіктерін көрсетті. «Шығармашылық әлемім» кезеңінде өз өнерлерін ортаға салып, Айгүл Исақанова тоқыма бұйымдарын, Аяулым Тағайбек тәтті тоқаштарын, Талшын Асхатқызы қолдан жасалған сөмкелерін ортаға алып шығып, жасалу жолдары мен шеберлік сырымен бөлісті.

Қазылар алқасының ше­шімімен «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің бас маманы Айгүл Әлиқызы «Үздік кітапханашы – 2025» байқауының бас жүлдегері атанып, арнайы дипломмен марапатталды. Байқау демеушілерінің атынан жеңімпазға 100 000 теңге, қалған қатысушыларға 50 000 теңгеден қаржылай сыйлық берілді.