• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Кеше

Бірқатар қаламгер мемлекеттік наградалармен марапатталды

30 рет
көрсетілді

25 қазан – Республика күні қарсаңында бірқатар қаламгер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Наградаларды Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Салтанатты жиынның кіріспе сөзін ашқан Мереке Әбдешұлы жиылған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, қаламгерлер қауымының Тәуелсіз Қазақстанды көркейту жолында жүзеге асырып жатқан жұмыстарын атап өтті.

Жиын барысында Жақыпжан Нұрғожаев «Парасат» орденін, Талғат Айтбай, Алмат Исәділ, Сағынгерей Байменов, Көлбай Адырбекұлы «Құрмет» орденін, Әшірбек Көпішов, Марат Тоқашбаев, Дандай Ысқақұлы, Сүлеймен Мәмет «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағын, Жанар Әбдешова, Гаухар Жұмағұлова, Мақсат Мәлік, Бейбіт Сарыбай, Магамедин Обылкасымов «Ерен еңбегі үшін» медальін, Бейбіт Қойшыбаев, Айша Көпжасарова «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағын иеленді.