• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 14:18

Александр Стубб: «Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр»

20 рет
көрсетілді

Елімізге Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келді. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб  екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Келіссөз барысында Александр Стубб үйінде «Астана» велокомандасының жейдесі сақтаулы тұрғанын атап өтті. 

«Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде - ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған «Астана» велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр», деді Финляндия Президенті.