• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:25

Атырау облысында қанша мемлекеттік қызметші жұмыс істейді?

120 рет
көрсетілді

Атырау облысында 253 мемлекеттік орган бар. Бұл салада 3002 штат болғанымен, жұмыс істейтіндердің саны – 2743 адам, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметіне қарағанда, мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызын әйелдер құрайды. Биылғы 9 айда олардың саны 1759-ға жеткен.

Ал ерлердің үлесі 36 пайызбен шектеліп отыр. Қазір мемлекеттік қызметте 984 ер адам қызмет атқарады.

Мұнайлы өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің 95 пайызының жоғары білімі бар. Оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 5, мемлекеттік қызмет академиясының 29 түлегі жұмыс істеп жүр.

Бұл саладағы жастардың үлесі 33 пайызды құрайды. Мемлекет пен бұқараның арасындағы дәнекерге айналған жас буынның орташа еңбек өтіліне 11 жыл 8 ай болған. Олардың лауазымдық қызметтегі орташа өтілі – 4 жыл 9 ай.

Биылғы 9 айда 222 конкурс жарияланып, 1113 адам бағын сынаған. Конкурстық комиссияның шешімімен 173 адам жұмысқа қабылданыпты. Ал тестілеуге 1992 адам қатысыпты.

«Осы кезеңде 405 мемлекеттік қызметші оқудан, 87 адам қайта даярлаудан өтті. Біліктілігін арттыруға 318 қызметші қатысты», деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Алайда мемлекеттік қызмет саласындағы жұмысынан кеткендер 3,4 пайызды құрайды.