• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Республика күні Бүгін, 15:20

Су саласының 266 маманы марапатталды

30 рет
көрсетілді

Республика күні қарсаңында су шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов табыстады. 266 қызметкердің салаға сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді, деп жазады Egemen.kz.

266 қызметкердің ішінде 9 маманға мемлекеттік награда, 6 адамға «Еңбек ардагері» медальі, 8 өкілге «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі, 39 қызметкерге «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі, 84 маманға Құрмет грамотасы, 120 қызметкерге Алғыс хат табысталды. 

Сала қызметкерлері мен ардагерлерін Республика күнімен құттықтап, олардың еңбектеріне зор алғыс білдірген министр Нұржан Нұржігітов айтуынша Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында су саласы мамандарының мәртебесін арттыру бағытында маңызды қадамдар жасалды.

«Атап айтқанда, еңбекақыны арттыру, біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламаларын іске қосу, «Мемлекеттік наградалар туралы» заңға өзгерістер енгізу және жалпы еңбек жағдайларын жақсарту шаралары қолға алынды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады», деді Н.Нұржігітов.