Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен велоспорт әуесқойлары мен ардагерлерінің дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысы өтіп, оған Астана, Көкшетау, т.б. қалалардан келген спортшылар да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Екі кезеңнен тұрған жарыстың бірінші күні, сенбіде қатысушылар Медеу ауданындағы Ядролық физика институтынан бастап биік таудағы «Медеу» мұз айдынында мәреге жетті. Ерлер 63 шақырым, әйелдер 35 шақырым қашықтықты еңсерді.
Екінші күні жарыс Royal Tulip Almaty қонақ үйінен басталып, мәресі тағы да «Медеу» спорт кешенінде өтті. Таулы кезеңнің ұзындығы 9 шақырым болды.
Giro d’Almaty-2025 жарысына 200-ден астам велосипедші қатысты.
Қала әкімдігінің мәліметінше «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен 79 жастағы Жеңіскүл Оспанова марапатталды.
Жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар:
18-29 жас: Ислам Османов. 30-39 жас: Арсений Никитин және Анастасия Евтушенко. 40-49 жас: Вадим Ежаков және Екатерина Шатная. 50-59 жас: Талғат Әмірбеков және Әсел Сәкенова. 60+: Алексей Абраменко.Әйелдер арасында кейбір жас санаттарында қатысушылар болмады.
Giro d’Almaty-2025 жарысының абсолютті чемпиондары – Анастасия Волчанская мен Евгений Сладков.