Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем жүйесі енгізілмек, деп жазады Egemen.kz.
Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп отыр. Енді ақылы автотұрақтарда тұру құны минутпен есептелуі мүмкін. Бұл өзгерістер «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке әріптестік шарты бұзылғаннан кейін күшіне енеді.
Алдын ала қарастырылып жатқан тарифтер:
Шлагбаумы бар (алаңдық) тұрақтар – сағатына 300 теңге; Ашық (кедергісіз) тұрақтар – сағатына 100 теңге.- Жүргізілген талдауға сәйкес, жеке меншік автотұрақтарда сағаттық ақы 300 теңгеден 5 000 теңгеге дейін өзгеріп отырады, деді қала әкімі.