Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтеді. Ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы бес кездесудің төртеуінде елордалық клуб омбылық қарсыласынан жеңілген еді.
Турнирлік кестеде қазіргі таңда «Барыс» 14 ұпаймен 16-орында, ал «Авангард» 22 ұпаймен екінші сатыда келеді.
«Барыс» осы кездесуден кейін де өз айдынында өнер көрсетуді жалғастырады. 18 қазанда команда Қазанның «Ак Барс» клубын қабылдаса, 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы ойнайды.