• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:30

85 ірі агрожоба іске асырылады

40 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруа­шылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты.

Абай облысы – ауыл ша­руашылығын дамытуда зор әлеуетке ие өңір. Аймақта 11 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Биыл қаңтар-тамыз аралығында ауыл ша­руашылығы өнімінің жалпы көлемі 221 млрд теңгеге жетіп, республика бойынша 4-орынды иеленді. Нақты көлем индексі 102,9%-ды құрады. Жалпы жиналатын егіс көлемі 782,1 мың гектар болса, оның 80%-ы орылып, 265,2 мың тонна астық бас­тырылды. Сонымен қатар 96,6 мың тонна картоп пен 101,6 мың тонна көкөніс жиналды.

«Президент биылғы Жол­дауында инвестиция тар­тудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда жыл басынан ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 32 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 170%-ға жоғары. Осы ба­ғытта 2030 жылға дейін облысымызда әзірленген өңірлік инвестициялық жоба­ларының картасына сәйкес 197,5 млрд теңге көлемінде 85 ірі агрожоба іске асырылады. Кездесуіміздің негізгі мақсаты – ауыл ша­руашылығы са­ласындағы мемлекеттік сая­саттың негізгі бағыттарын түсіндіру ғана емес, сонымен қатар сіздерді толғандырып жүрген нақты мәселелерді бірге қарастыру, ашық диалог орнату», деді облыс әкімі.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын әрта­рап­тандыру, инвестиция тарту, өңдеу кәсіпорындарын дамыту және ет комбинаты құрылысының барысы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

«Абай облысы – жаңадан құрылған өңір. Ауыл шаруа­шылық әлеуеті зор аймақ. Облыста ірі ет комбинаты салынайын деп жатыр. Ол үшін мал шаруашылығын жоғары деңгейде дамытуымыз керек. Министрлік тарапынан тиіс­ті көмек жасалады», деді А.Сапаров.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар