14 қазан күні түнде күн бетінде күшті рентгендік жарқыл байқалды. Бұл туралы Қолданбалы геофизика институты хабарлады. Мамандардың айтуынша, мұндай жарқылдар жерге жеткенде магниттік дауыл тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 03:41-де (Мәскеу уақытымен) күннің 4262 нөмірлі дақтар тобындағы рентгендік диапазонда M2.0 класты жарқыл тіркелді. Оның ұзақтығы тоғыз минутты құраған.
Күндегі жарқылдар рентгендік сәулелену қуатына байланысты бес класпен бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең әлсізі A0.0 класы. Оның сәулелену қуаты жер орбитасында шаршы метрге 10 нановаттқа тең. Класс әрбір келесі әріпке өткен сайын қуат он есеге артады.
Мамандар атап өткендей, кейбір жарқылдар күн плазмасының атқылауымен қатар жүреді. Осы плазма бұлттары жерге жеткенде магниттік дауылдарға себеп болуы мүмкін.