• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 11:45

Елімізде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 13%-ға көбейді

30 рет
көрсетілді

Елімізде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 миллион тоннаға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ бұл 13 пайызға көп. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, жыл қорытындысында мұнай өндіру көлемі 96,2 миллион тонна деңгейінде жоспарланып отыр.

Министрдің мәліметінше, биыл мұнай экспорты да өскен. Тоғыз айдың ішінде 60,5 миллион тонна мұнай шетелге жөнелтілген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 14,9 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін экспорт көлемі 70,5 миллион тоннаға дейін жетеді деп күтіледі.

«Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 100,7%-ы», деді Ерлан Ақкенженов.