• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 14:45

«Қайрат» – «Пафос» ойынының билеттері сатылымға шықты

30 рет
көрсетілді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші турында өз алаңында Кипрдің «Пафос» командасын қабылдайды. Кездесу 21 қазанда Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін команда сырт алаңда португалиялық «Спортингпен» және өз алаңында испаниялық «Реал Мадридпен» кездескен болатын.

Билеттер бүгін, 13 қазанда сағат 12:30-дан бастап сатылымға шықты. Оларды Freedom SuperApp және Kairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Билет сату ережелері «Қайрат» пен «Реал Мадрид» кездесуіндегі тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Айта кетейік, «Пафоспен» ойынынан кейін «Қайрат» топтық кезеңде тағы бес матч өткізеді.