• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 14:03

Елімізде жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды

10 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Аталмыш шара ел аумағын тазартуға және өңірлерді көгалдандыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Акция аясында бүкіл ел бойынша жаппай сенбіліктер өткізіп, аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне орай таңдалған ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарлануда.

Бұл іс-шараға әрбір адам қатыса алады, ол үшін жергілікті әкімдікке хабарласып, өту орнына анықтау жеткілікті.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының бөлігі.

Оның мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау.

«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығына және елдің экологиялық болашағына үлес қосқысы келетіндердің барлығын біріктіреді.