Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі Дүниежүзілік «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақ елінің құсбегілік спортынан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болдыдеп жазады Egemen.kz.
36 жылдық тарихы бар халықаралық дода көшпелі халықтардың мәдени брендіне айналған десе де болады. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер мен бүркітшілер қатысатын ерекше мерекеге еліміздің құсбегілерін мемлекеттік жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған бастап барды.
Жалпы чемпионатқа 60-тан астам құсбегі қатысып, «қолға шақыру» және «шырға тарту» сайыстары бойынша сынға түсті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Абай облысының бүркітшісі Тәттімбет Кәпұлы «Қарагер» атты қыран құсымен жүлделі үшінші орынды, ал атыраулық құсбегі Арман Қошқаров «Аңырақай» атты бүркітімен екінші орынды иеленіп, ел абыройын асқақтатты.
Абай облысы