Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.
Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.