• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:00

Отырар тұрғындары ерекше қорғалатын аумақта заңсыз аң аулаған

10 рет
көрсетілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің мемлекеттік инспекторлары арнайы рейд барысында ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын жерден заңсыз аң аулау оқиғасын анықтаған, деп жазады Egemen.kz.

Отырар ауданының 3 тұрғыны аталған аумақтан қабан аулаған. Күдіктілерден айғақ ретінде алынған 2 мылтық, 4 жарық шамы Отырар аудандық полиция бөліміне (АПБ) тиісті шешім қабылдау үшін өткізіліп отыр.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аңшылық еткен азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 70 АЕК көлеміндегі айыппұл арқалауы мүмкін. Ал «қабан» жануарын заңсыз олжалау үшін келтірілген залал соммасы 250 АЕК тең. Сондай-ақ топпен аңшылық жасау әрекеттері ҚР ҚК-не сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады», делінген аталған табиғи парк хабарламасында.