• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 11:40

Салық төлеуден жалтару схемалары ЖИ арқылы анықталады

30 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев көлеңкелі экономикамен күрес шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Министр экономиканы көлеңкеден шығару үшін жасанды интеллект пен цифрлық теңге пайдаланылып жатқанын айтты.

Жобаның негізгі өзегі мол деректер ауқымын талдап, салық төлеуден жалтару схемаларын анықтау және салық төлеушінің цифрлық бейінін қалыптастыру мақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдаланатын Smart Data Finance жүйесі болып отыр.

«Электронды шот-фактуралар беру кезінде биометриялық жеке басын анықтау талабының енгізілуі 33 миллиард теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу әрекетінің алдын алды. Е-таңба жобасы арқылы енгізілген автоматтандырылған қадағалау жүйесі ҚҚС теңгерімін тексеруге және «сұр» схемаларды ерте бастан анықтап, жолын кесуге мүмкіндік беріп отыр. Қазірдің өзінде 250 млн электрондық шот-фактура және 500 млн төлем өңделді. Жоба нәтижесінде бюджетке жылына 100 млрд теңгеге дейін түсім түседі деп болжанып отыр. Одан бөлек Ұлттық Банкпен бірлесіп «Цифрлық қосылған құн салығы» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Цифрлық теңгемен есеп айырысу ақшаны көлеңкеге жасыру жолын бұғаттап, барлық жеткізу тізбегін ашық етеді», деді Мәди Такиев.   Министрлік цифрлық теңгені басқа да секторларға, соның ішінде мемлекеттік сатып алу саласына да, кеңінен енгізуді ұсынып отыр. Цифрландыру кедендік әкімшілендіру саласына да қарқынды түрде енгізілуде. ЖИ-технологияларды инспекциялық-қарап тексеру кешендерінде пайдалану дұрыс декларацияланбаған тауарларды анықтауға мүмкіндік беріп, кедендік бақылаудағы адами факторды барынша азайтады.