• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:00

2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады

20 рет
көрсетілді

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жалғасып келеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өткендей, 2026 жылдан бастап әр азамат өзінің электрондық денсаулық паспортына толық қол жеткізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, бұл бастаманың негізгі бөлігі – медициналық деректерді сақтайтын бірыңғай қойма. Ол осы жылдың соңына қарай іске қосылмақ. Жоба жүзеге асқанда, қазақстандықтар жеке медициналық мәліметтерін онлайн форматта ала алады.

Қазірдің өзінде жасанды интеллект технологиялары отандық клиникаларда кеңінен қолданылып жатыр. ЖИ КТ, МРТ және рентген нәтижелерін талдау арқылы инсульт, пневмония, өкпе аурулары мен сүт безі обырын анықтауда дәрігерлерге көмек көрсетіп отыр. Бірқатар емханаларда тексеру қорытындыларын жылдам талдауға мүмкіндік беретін ЖИ-көмекшілер жұмыс істей бастады.

«Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын, керісінше оның мүмкіндіктерін күшейтетінін, медицинаны барлық азаматтар үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн», деді Ақмарал Әлназарова.

Сонымен қатар цифрландырудың алғашқы нәтижелері айқын көріне бастағаны атап өтілді. Ақпараттық жүйелерді біріктіру медицина қызметкерлерінің жұмыс жүктемесін 40%-ға дейін қысқартты. Пациенттерді электронды сәйкестендірудің арқасында тек 8 айдың ішінде артық көрсетілген қызмет көлемі 6,7 млрд теңгеге азайды. Ал бірыңғай төлем жүйесі ақауларды табу дәлдігін төрт есеге арттырды.