Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 02:29-да 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Талас жотасының аумағында, Чакмак-Суу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымда, Башкы-Туш ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырымда және Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 85 шақырымда орналасқан.
Жер сілкінісінің күші:
Чакмак-Суу ауылдарында – 5,5 балл; Башқы-Терек – 5 балл; Қара-Сай, Кек-Сай, Шекер, Қайнар, Шоң-Қара-Буура, Бақай-Ата – 4,5 балл; Таласта – 4 балл.Төтенше жағдайлар министрлігі қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпараттың әзірге түспегенін айтты.