• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Павлодар облысының ең қарт ұстазы – 98 жаста

40 рет
көрсетілді

Павлодар облысының білім беру басқармасы облыстың ең қарт ардагер ұстазын құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Сәрсенбекова Қайыркеш Сәрсенбекқызы – өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз. Ол 1927 жылдың 25 қыркүйегінде Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызыл-Қоған ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Аққулы ауылында тұрады. 

Соғыс жылдарының балалық шағы оңай болмады. Барлық замандастары сияқты жасөспірім кезінде колхоздың егіс алқабында еңбек етіп, ауыл шаруашылығына қолғабыс тигізді. Кейін фермада есепші болып жұмыс істеп, сүт қабылдап, оны көрші ауылдағы дайындық пунктіне жеткізумен айналысты.

Мектепті аяқтаған соң Павлодар педагогикалық училищесіне түсіп, білім алып шықты. Содан бастап бар ғұмырын бастауыш сынып мұғалімі қызметіне арнады.

Ұстаздық еңбегі лайықты бағаланып, Қазақ КСР-інің құрметті атағына ие болды. «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, ол «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енген.

Каиркеш Сарсенбекқызы – тыл ардагері. Жеңістің 50, 60, 65, 70, 75 және 80 жылдық мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған.

1947 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз Елубаев Нымет Елубайұлымен шаңырақ көтеріп, бірге сегіз бала тәрбиелеп өсірді.