• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 20:40

Президентке отандық AI жобалар таныстырылды

20 рет
көрсетілді

Mirai Tech мекемесі жасаған Deep-tech стартапында биомеханиканың портативті ЖИ зертханасы көрсетілді. Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.

AltBridge жария нарықтағы инвестициялық портфельге мониторинг жасайды және әр бағыт бойынша есеп береді.

Defect AI дәрігерлерге күнделікті қағазбастылықтан арылып, науқасқа көңіл бөлуге жәрдемдеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде жасанды интеллект бойынша өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен әңгімелесті.

Қазақстандық оқушылар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.

Биыл IOAI 60-тан аса елден келген 280-нен астам жас зерттеуші мен бағдарлама әзірлеушілерінің басын қосқан.

Бейресми командалық есепте Қазақстан әлемде Қытай мен АҚШ сияқты елдерден озып, 4-орын иеленген.