• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнім Бүгін, 14:45

Азық-түлік бағасын реттеу жаңа үлгіге көшеді

20 рет
көрсетілді

Елімізде 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін бекіту тәжірибесі тоқтатылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет брифингінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«ӘМАТ – бұл бір тұрғыда ескіліктің қалдығы, яғни біз белгілі бір тізімдер жасап, өндірушілерге қандай баға қою керегін, қандай үстеме болатынын айтамыз. Біз нарықтық тетіктерді, құралдарды қолданатын боламыз, бұл шын мәнінде анағұрлым тиімді үлгі. Ол өндірушілерге де, тұтынушыларға да, жалпы барлық қатысушыларға реттеушілік қысымның төмен болуына мүмкіндік береді. Мұндай тетіктің тиімділігі, менің ойымша, анағұрлым жоғары болады», деді А. Шаққалиев.

Министрдің сөзінше, әкімшілік реттеу толық жойылмайды. Бұрынғыдай үстеме бағаның ең жоғары шегі 15%-дан аспайтыны белгіленген. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларды қолдау үшін азық-түлік ваучерлері енгізілмек.

«Біз Ақкөлде, Көкшетауда, Павлодарда пилоттық жобаны жүргізіп жатырмыз. Мұнда атаулы цифрлық әлеуметтік көмек аясында АӘК алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі, олар жыл ішінде тауарды жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – осы. Қанатқақты жоба жыл соңына дейін жалғасады. 2026 жылы біз оны кезең-кезеңімен тарата бастаймыз», деп атап өтті СИМ басшысы.