• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құрылыс 27 Қыркүйек, 2025

Шеберлік орталығы ашылды

0 рет
көрсетілді

«KNAUF» компаниясының қолдауымен Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде халықаралық деңгейдегі «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» шеберлік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтің айтуынша, халықаралық компаниямен бірлесе жүзеге асып жатқан жоба болашақта мамандардың кәсібилігін арттырып, білікті мамандарға деген сұранысты қалыптастырады.

Атаулы жиынның ортасынан табылған «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті Алибек Ахметов, М.Тынышпаев атындағы ALT Universityдің құрылтайшысы, Директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Серіктегі, «KNAUF Гипс Капчагай» компаниясының аймақтық менеджері Алмас Бекназаров техникалық және кәсіби мамандарды даярлау бағытында кәсіпорындарда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жаңа орталық студенттерге заманауи құрылыс технологияларын игеруге, практикалық дағдыларын шыңдауға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Бұл бастама «WorldSkills International» сияқты халықаралық қозғалыстар мен ықпалдастықта кәсіби білім беру жүйесін дамытуға жол ашпақ. ALT University мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ынтымақтастығы аймақта техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда жаңа серпін беріп отыр.

Тараз