• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 10:08

«Ақылды каска» өндірістегі қауіпсіздікті қадағалайды

10 рет
көрсетілді

Минскідегі «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық көрмесінде Қазақстандық Best Vision Technologies компаниясы өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған  «ақылды каска» сериялық өндірісін келушілер назарына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Каскаға орнатылған камера жасанды интеллектпен интеграцияланып, динамик және микрофонмен жабдықталған. Осы мүмкіндік шеңберінде «ақылды каска» нақты уақыт режимінде жұмысшының барлық іс-әрекетін менеджерге хабарлап отырады. Екі жақты байланыс орнатуға да мүмкіндік қарастырылған. Өндірістегі локализация деңгейі 63%-ға жететін құрылғы орналасқан жерді бақылауға арналған GPS модулімен жабдықталған және Wi-Fi әрі ұялы байланыс арқылы жұмыс істейді.

Техникалық «көруді» қолдана отырып, жасанды интеллект камерадан бейне ағынын талдайды және қауіпсіздік ережелері бұзылса автоматты түрде анықтайды.

«Егер қызметкер каскасыз, қолғапсыз немесе жұмыс киімінсіз жұмыс істесе, жүйе оны жазып алады да дереу диспетчерге хабарлама жібереді. Бұл жүйе жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті бақылауға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс мәдениетін жақсартуға мүмкіндік береді және қызметкерлер мен басшылық арасындағы байланысты жеңілдетеді», деді компания директоры Сәкен Садықов. Өндіруші компания жақын арада толық интеграцияланған каска шығаруды жолға қойып, нақты уақыт режимінде өндірістік операцияларды орындау кезінде қызметкерлерге кеңес бере алатын дауыстық көмекшіні әзірлеуді жоспарлап отыр.  
Соңғы жаңалықтар