• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Байқау Бүгін, 07:55

Халық жүрегіндегі ән

10 рет
көрсетілді

Орал қаласында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ХІІІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтті.

Танымал сазгер атындағы дәс­түрлі фестивальға елі­міздің түкпір-түкпі­рінен және көр­шілес елдерден келген 26 үміт­­кер қа­тысты. Олардың өне­ріне ком­по­зитор­дың жұбайы Дарико Хасан­ғалиева, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі әнші-композитордың ұлы Біржан Хасан­ғалиев, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев, Өзбек­станның Халық әртісі Мансур Ташматов, Қыр­ғызстанның Халық әртісі Саламатхан Садықова, халықаралық, республикалық байқау­лардың лауреаты Марат Сарбө­пеев қазылық етті.

Қазақ музыка өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан композитордың шығармашылығы кеңінен насихат­талған өнер сайысында Алматы қаласынан келген өнерпаз Медет Орын­баев бас жүлдені иеленді.

Фестиваль қорытындысында бірінші орын – ақтөбелік Мерей Самұ­ратқа, екінші жүлде – Астана қаласынан келген Парасат Отан мен атыраулық Айбар Ғаниұлына, ал үшінші орын – Орал қаласының намысын қорғаған Аружан Бисембайға, қырғызстандық Дариға Сатароваға және өзбекстандық Севара Тулановаға бұйырды.

Байқау барысында бауырлас үш мемлекеттің Халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Саламатхан Садықова және Мансур Ташматов те сахнада ән шырқады. Фестиваль «Атамекен» өнер ордасының түндігін желпіген «Атамекен» әнімен жабылды. Еліміздің бейресми әнұраны іспетті әуенге әншілермен қатар қалың көрермен қосылды. Осының өзі Ескен­дірдің әндері халықтың жүрегінде екенін көрсетті.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар