• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:36

Сатып алушыны алдаған автосалон жазасын тартты

20 рет
көрсетілді

Петропавлда сатып алушы өзін алдаған автосалонды сотқа беріп жеңіп шықты деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдың бір тұрғыны автосалоннан «жаңа» автомобиль сатып алған. Біршама уақыттан кейін автоның бұрын қолданыста болғаны, тіпті кейбір бөлшектерінің, соның ішінде алдыңғы оң қанатының ауыстырылғаны да белгілі болады.

Сатып алушының өзіне ескіні жаңа деп сатқаны үшін моральдық шығын төлеуі керектігін және оң жақ қанатын ауыстыру қажеттігін айтқанын автосалон құлағына да ілмейді.

Амал жоқ сотқа жүгінген сатып алушы өзін алдап, ескіні жаңа деп сатқан автосалоннан моральдық шығынын өндіріп алды. Соттың төменгі инстанциясының шешімін облыстық сот та өзгертпей, күшінде қалдырды.