• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:18

Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде жеңіліп қалды

20 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 66-орында тұрған германиялық Ева Лиспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда германиялық спортшы 3:1 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестірді – 3:3. Алайда бұдан кейін Лис қатарынан үш геймді алды.

Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Үшінші, шешуші сетте Лис тағы да 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші алысқа ұзатпады - 2:2. Есеп 3:3 болғанда, Рыбакина брейк жасағанымен, сол бойда өз геймін беріп қойды – 4:4. Содан кейін Лис үшінші матчболын мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 8 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Лис 1 эйс, 7 брейкпен (20 брейк-пойнт) көзге түсті.