• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 11:39

Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында қайтарылған  қаражат есебінен салынып жатқан  11 емдеу мекемесінің  үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік   амбулатория  бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту»  ұлттық жобасымен   Мұғалжар ауданының  Мұғалжар  ауылында   салынған амбулаторияға 300 млн теңге жұмсалды.  Осы емдеу мекемесінің  бірнеше дәрігері мен орта медициналық қызметкерлеріне 1,5 мың ауыл тұрғыны бекітілген. Олар келушілерді қабылдап қана қоймай, зертханалық талдаулар жүргізіп,  тұрғындарды скринингтен де өткізеді.

Тәулігіне 45 тұрғын қабылдай алатын мекеме   қажетті жабдықтармен  қамтамасыз етілген.

Байғанин ауданының Ноғайты ауылында да  190 млн теңгеге  фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Алыс ауылдағы тұрғындардың  денсаулығын  бақылап, қажет болған жағдайда  алғашқы жәрдем көрсетуге дайын  емдеу мекемесі тәулігіне 40 тұрғынды қабылдайды.   Қайтарылған қаржыға салынған тағы бір емдеу мекемесі –Ырғыз ауданы Жарма ауылындағы медициналық пункт. Оның құрылысына 145 млн теңге жұмсалды.  Таяу аралықта Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы  дәрігерлік амбулатория да  пайдалануға беріледі.

                                                                                                Ақтөбе облысы.