Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге және 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық командамыздың бапкерлері аталған матчтарда мына ойыншыларға сенім артып отыр: Қақпашылар – Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұұан Төлепберген («Оқжетпес»). Қорғаушылар – Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов ( «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Ян Вороговский, («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Александр Мрынский, Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»). Жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай, Ғалымжан Кенжебек («Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Мұроджон Халматов, Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Айбол Әбікен («Қайсар). Шабуылшылар – Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтбаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»).
Қазіргі кезде J тобында ойнайтын Қазақстан құрамасы төртінші орынды қанағат тұтуда. Жерлестеріміз 5 кездесудің тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Қалған 4 бәсекеде ұтылды. Қоржынымызда небары 3 ұпай бар. Алдымызда – Солтүстік Македония (11 ұпай), Бельгия (10 ұпай) және Уэльс (10 ұпай). Ал соңғы орында – Лихтенштейн (0 ұпай).