• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:27

Теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылады

10 рет
көрсетілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте отандасымыз Александр Бублик өз рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Александр Бублик  кейінгі тізімде 16-орынға тұрақтаған. Бұл – оның жеке рекорды болып отыр. Себебі Бубликтің бұға дейінгі ең жоғағы нәтижесі 17-орын болған.

Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі септескен. 

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастаса, екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеген.

Соңғы жаңалықтар