• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт Бүгін, 08:03

«Ақ бидай» спорттық ойындары аяқталды

20 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәреге жетті. Жарысқа 17 команда, 2000-нан астам спортшы қатысты. 20-дан астам олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қамтыған іс-ша­ра Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудан­дарында өтті.

«Ұлттық және ат спорты түр­лері орталығының» директоры Қайрат Пазылбек ойындар­дың сәтті ұйымдастырылғанын, сайыстар ауыл спортшылары­ның жақсы дайындық деңгейін көрсеткенін, өңірлерде бұқара­лық спортты дамытудың маңыз­дылығын ерекше атап өтті. Қа­тысушылар аламан бәйге, топ бәйге, аударыспақ, жамбы ату, көкпар, құсбегілік, теңге ілу, қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұма­лақ, армрестлинг, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетті.

«Жарыстар – күш пен шебер­лікті сынайтын дода ғана емес, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен өңіраралық достықты нығайтудың маңызды факторы. Мұндай ауқымды іс-шаралар туризмнің дамуына, халық­тың денсаулығын нығайтуға, спорттық инфрақұрылымды жақсартуға серпін береді», деді Қ.Пазылбек.

Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының командасы бірінші орынды, Алматы облысы екінші орынды жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді.

Келесі ойындар төрт жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар