Петропавлдың орталығындағы Интернационал көшесіндегі 2 қабатты ескі үйлердің бірінен өрт шығып, бір пәтер от құшағына оралды, деп жазады Egemen.kz.
Уақытында жеткен өртсөндірушілер 3 адамды өрттен аман алып шықты, көрші пәтерлердегі 15 адам өздігінен шығып үлгерді.
Өрттің қамтығын аумағы төрт шаршы метр ғана болғанымен жалын басқыш аумағына шығып үлгерген. Дер кезінде жеткен өртсөндірушілер ғана оның әрі қарай жайылуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.
ПЕТРОПАВЛ