Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
— Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты. Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді, — делінген хабарламада.