• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 21 Қыркүйек, 2025

Құбырдағы апат салдарынан Оралдың бір бөлігі сусыз қалды

Зачаган кентінде су құбырында апат болды, деп жазады Egemen.kz.

"Батыс су арнасы" ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әзербайжан көшесі бойында диаметрі 400 мм су құбырынан ақау шыққан.

Соған Әзербайжан, Т.Бигелдинов көшесі, "Балауса" шағынауданы және Байтақ көшесі 2/2-мекенжайына бүгін сағат 12.00-ден бастап салқын су беру тоқтатылды.

Қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Зачаган кентінде осындай жағдай жиі болады.

Соңғы жаңалықтар