Ер адам үйінің бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықтаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркілеген, деп жазады Egemen.kz.
Тергеу барысында ер адамның бұл іске мұқият дайындалғаны анықталды. Күдікті бөлмеге арнайы шам орнатып, желдеткіш жүргізіп, қажетті температуралық режимді сақтап отырған.
Ол бұл әрекеттерімен шектелмей, синтетикалық есірткіні сатумен де айналысқан. Астаналық тыйым салынған затты жасырып кету барысында автотұрақта қолға түскен. Тінту барысында оның үйінен, көлігінен және жеке заттарынан құрамында Alpha PVP бар 40-тан астам орам табылып, тәркіленген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.