• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инвестиция Бүгін, 08:43

Инвестициялық жобалар бекітілді

10 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында агроөнер­кәсіп кешені, фармацевтика мен азық-түлік өнер­кәсібі сияқты бірқатар басым сала­дағы инвес­­ти­ция­лық бастамаларды жүзеге асырудың негіз­гі мәселелері қаралды. Отырысқа қаты­су­шылар Инвес­ти­циялар туралы келісім­дердің негізгі шарттарын бекітті. Олар­дың қатарында Khan Tengri BioPharma, Asyl Sugar, Carlsberg Central Asia, Fabe-Agro компанияларының, сондай-ақ Түркістандағы мақта өсіру агроөнеркәсіп кешенінің инвес­ти­циялық бастамалары бар.

 

Фармацевтика

Khan Tengri BioPharma компаниясы биофармацевтикалық препараттар өндіре­тін зауыт салу жобасын жүзеге асырады. Инвес­тиция көлемі 103 млрд теңгеден асатын бұл жоба өмірлік маңызы бар дәрілік зат­тарды өндіру бойынша ұлттық қуаттарды нығай­ту­ға 2h3 180-нен астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

 

Агроөнеркәсіп кешені

Агроөнеркәсіп саласында Asyl Sugar компаниясы жылына 200 мың тоннаға дейін қант өндіру қуаты бар заманауи қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба қант қызылшасын терең өңдеуге, импортты алмастыруға әрі еліміздің стратегиялық азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі – 72 млрд теңге.

Carlsberg Central Asia өндірістік қуатын жылына 340 млн литрге дейін ұлғайта отырып, сусындар өндірісін кеңейту жобасын жүзеге асырады. Жоба аясында энергия үнем­дейтін технологиялар мен жаңа өндірістік желілер енгізіледі. Бұл бәсекеге қабі­­летті өнім шығару көлемін арттыруға мүм­кіндік береді. Инвестиция көлемі – 216 млрд теңге.

Fabe-Agro компаниясы жылына 38 мың тонна көкөніс өңдеу қуаты бар агроөнеркәсіп кеше­нін құрады. Кешеннің құрамына жем-шөп, өсімдік майлары және басқа да өнімдер өндірісі кіреді. Бұл шикізатты жергілікті жерде өң­деуді дамытуға әрі импортқа тәуелділікті азай­ту­ға ықпал етеді. Инвестиция көлемі – 68 млрд теңге.

Түркістандағы мақта өсіру агроөнеркәсіп кешені жылына 121 мың тонна өндірістік қуаты бар мақтаны терең өңдеу жобасын жүзеге асырады. Бұл тоқыма өнімдеріне дейінгі толық циклді жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жеңіл өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі – 58 млрд теңге.

Аталған жобалардың бар­лығы азық-түлік қауіпсіз­дігін арттыруға, ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, импортты алмас­тыруға әрі қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған.

 

Тамақ өнеркәсібі

Отырыста осыларға қосымша PepsiCo компаниясының тұзды жеңіл тағамдар өндіру жобасын инфрақұрылыммен қамта­масыз ету мәселесі қаралды. Мұндағы жоспар­ланған өндірістік қуат жылына 70 мың тонна да­йын өнімді, ал инвестиция көлемі шамамен 200 млрд теңгені құрайды. Жоба азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті мен өндірісін едәуір кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің азық-түлік өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.