• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 18:43

Израиль шабуылынан кейін Газада байланыс жүйесі істен шықты

20 рет
көрсетілді

Палестиналық телекоммуникациялық компаниялар Газа секторының солтүстігінде Израиль әскерінің жойқын әуе соққыларынан кейін интернет пен телефон байланысы толығымен үзілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеге сәйкес, Газа қаласы мен оған жақын аудандарда байланыс қызметтері тоқтаған. Израиль қарулы күштері интернет пен байланысты қамтамасыз етіп отырған негізгі магистральдық желілерді атқылағандықтан, жүйе жұмыс істемей қалған.

Соған қарамастан, инженерлік топтар желіні қалпына келтіру үшін әрекет етуде. Алайда куәгерлердің айтуынша, Газа қаласының көп бөлігінде интернетке қосылу мүмкін болмай тұр.

Израиль тарапы бір тәулік ішінде 50 әуе соққысы жасалғанын хабарлаған. Нысаналардың басым бөлігі құрлықтағы операция басталған Газа қаласына бағытталған.

Сонымен қатар, Израиль күштері босқындар орналасқан тұрғын үйлер мен көпқабатты ғимараттарды қиратқаны, ал бейбіт халықты оңтүстікке көшуге мәжбүрлеуге тырысқаны айтылды. Әскерилер оңтүстікте шатыр, азық-түлік пен медициналық көмек барын алға тартқан.